Түлкібас ауданында тұрғындармен ашық әрі тиімді кері байланысты нығайту мақсатында азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Осыған орай аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауға келген 20 азамат тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, жер қатынастары, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында көтерілген әрбір мәселе жан-жақты қаралып, аудан әкімі жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларымен бірге олардың туындау себептері мен заңнамалық негіздерін талқылады. Заң талаптарына сәйкес шешілуі мүмкін мәселелер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.
Қосымша зерделеуді қажет ететін күрделі мәселелерге қатысты аудан басшысы жауапты сала жетекшілерімен бірге тиісті аумақтарға барып, нақты жағдайды жан-жақты зерттегеннен кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешім қабылданатынын атап өтті.
Асқар Естібаев тұрғындардың әрбір өтініші жіті бақылауда болатынын айтып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу аудан әкімдігі жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді.
Азаматтарды жеке қабылдау тұрғындардың мемлекеттік органдармен ашық байланысын күшейтіп, олардың талап-тілектеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер халықты толғандырған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды заң аясында шешудің тиімді тетіктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұл жұмыс Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі бағыттарына толық сәйкес келеді. Азаматтармен кері байланыс жүйесін дамыту, мемлекеттік органдардың халықпен тұрақты кездесулер өткізуі және тұрғындардың өтініштерін жедел әрі сапалы қарау мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, халықтың билік институттарына деген сенімін нығайтуға негіз болады.
