Rasmedia.kz
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік бағдарламаСаяси реформалар

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Әділетті Қазақстан» реформасының негізгі бағыттарының бірі – жастарды қолдау және олардың әлеуетін дамыту. Осы мақсатта өңірде NEET санатындағы жұмыссыз жастардың санын азайтуға және оларды қоғамның белсенді бөлігіне айналдыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде 18-35 жас аралығындағы жастарды жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және мемлекеттік бағдарламаларға тартуға бағытталған «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Зертас ауылдық округінің жастарымен жеке кездесулер өткізіліп, олардың әлеуметтік жағдайлары мен қажеттіліктері зерделенді. Сонымен қатар, жастарға мемлекет тарапынан ұсынылатын қолдау тетіктері мен жұмыспен қамту мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жастардың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал ету, олардың кәсіби және жеке дамуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан әрбір жастың өз мүмкіндігін толық жүзеге асыруына қолдау көрсету алдағы уақытта да жалғасатын болады.