Қазақстандық жас спортшы Назерке Болатбек үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі жарыста үздік нәтиже көрсетті. 17–22 қаңтар күндері Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен “WTT Youth Contender Doha” халықаралық рейтингтік турнирінде ол қыздар арасында U-13 жас санатында өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Аталған турнир әлемнің түрлі елдерінен келген мықты жас спортшыларды біріктіріп, жоғары деңгейдегі бәсекемен ерекшеленді. Осындай тартысты жарыста Назерке Болатбектің үздік үштікке енуі — оның дайындығы мен шеберлігінің айқын дәлелі.
Бұл нәтиже — еліміздің намысын абыроймен қорғап, Қазақстан спортының халықаралық аренадағы беделін арттырған маңызды жетістік. Жас спортшының табысы отандық үстел теннисінің болашағы зор екенін тағы бір мәрте көрсетті.
