«Әділетті Қазақстан» реформасының негізгі бағыттарының бірі – жастарды қолдау және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Осы мақсатта жастардың мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттылығын арттыруға, сондай-ақ танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған «IQ: Мүмкіндік» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі білімдерін сарапқа салып, түрлі форматтағы зияткерлік сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, жастар арасында кеңінен жүзеге асырылып жатқан «Жастар практикасы» бағдарламасы туралы мәліметтер қамтылып, оның артықшылықтары мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
Зияткерлік сайыс жастардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, білім көкжиегін кеңейтуге және мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі ақпараттарды тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, мемлекеттік қолдау тетіктері туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Аталған іс-шара жастарды еңбек нарығына бейімдеуге, кәсіби тәжірибе жинақтауға және мансаптық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттік бастамаларды кеңінен насихаттауға ықпал етті.
Осындай танымдық жобалар арқылы жастардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.
