Rasmedia.kz
ЖаңалықтарҚоғам

Қыз алып қашуға қатысты жауапкершілік күшейтілді — прокуратура мәлімдеме жасады

Бас прокуратура некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлау заңмен тыйым салынған қылмыс екенін ескертті.

«Некеге мәжбүрлеу және адам ұрлау — заңмен тыйым салынған қылмыс. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап ҚК-нің 125-1-бабы қолданыста. Некеге немесе бірге тұруға мәжбүрлеу, сондай-ақ осы мақсатта адам ұрлау үшін 7 жылға дейін, ал ауырлататын жағдайларда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жәбірленушіні босату жауаптылықтан босатпайды. Неке тек ерікті келісіммен жасалады», — делінген хабарламада.

Дереккөз: turkystan.kz