Rasmedia.kz
ЖаңалықтарМәдениет

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Төлеби ауданында салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, ақпарат саласының өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді. Мерекелік жиын барысында журналистердің қоғамдағы маңызды рөлі, ел дамуына қосып жүрген үлесі мен ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы еңбегі жоғары бағаланды.

Іс-шараға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сала ардагерлері мен ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген азаматтар қатысты.

Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, ақпарат саласының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік саясат пен елде жүзеге асырылып жатқан реформаларды халыққа кеңінен түсіндіруде маңызды міндет атқарады. Сонымен қатар ақпарат құралдары мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтып, халықтың талап-тілегін билікке жеткізетін тиімді алаңға айналған.

Бағдатбек Жанғазиев өз сөзінде журналист мамандығының жауапкершілігі жоғары әрі аса маңызды кәсіптердің бірі екенін айтты. Ол ақпарат саласының қызметкерлері күн сайын ел өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа жедел жеткізіп, қоғамда орын алған мәселелерді көтеру арқылы олардың шешімін табуға ықпал етіп жүргенін жеткізді. Сондай-ақ журналистердің ел бірлігін нығайтуға, қоғамдық пікір қалыптастыруға және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Мерекелік шара барысында аудан әкімінің орынбасары журналистерге ізгі тілегін білдіріп, олардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін айтты. Ол шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, тың идеялар мен кәсіби биіктер тіледі.

Өз кезегінде аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров та бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Ол қазіргі таңда ақпараттың рөлі артып келе жатқанын, сондықтан журналистердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Мәслихат төрағасы журналистердің адал еңбегі халықтың сенімін қалыптастырып, қоғамдағы тұрақтылық пен даму үдерістеріне оң ықпал ететінін жеткізді.

Сонымен қатар ол ақпарат саласы қызметкерлерінің күнделікті еңбегі көбіне көзге көріне бермейтінін, алайда олардың қоғам үшін атқарып отырған қызметі аса маңызды екенін айтты. Журналистердің ел өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, тұрғындардың пікірін жариялап, қоғамдық бақылаудың тиімді тетігі ретінде қызмет етіп отырғанына тоқталды.

Салтанатты жиын барысында ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін кеңінен насихаттап жүрген бірқатар журналистер мен ақпарат саласының ардагерлері марапат төрінен көрінді. Оларға Төлеби ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихатының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Марапаттау рәсімі барысында ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі ерекше аталып өтті. Журналистердің кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі мен қоғам алдындағы адал қызметі жоғары бағаланып, олардың аудан өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа жеткізудегі еңбектеріне ризашылық білдірілді.

Шара соңында қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен маңызын тағы бір мәрте атап өтіп, журналистерге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тіледі. Мерекелік кездесу сала өкілдеріне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналып, олардың еңбегіне деген ризашылықтың белгісі болды.