Rasmedia.kz
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік бағдарламаСаяси реформалар

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтармен кері байланысты нығайтуға, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарауға ерекше мән берілуде. Осы бағытта аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылған 18 азамат қатысып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер тиісті сала мамандарының қатысуымен жан-жақты қаралып, заң талаптарына сәйкес шешу жолдары талқыланды.

Тұрғындар негізінен тұрғын үй, инфрақұрылым, жұмыспен қамту және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өтініш білдірді. Аудан басшысы әрбір азаматтың мәселесіне жеке тоқталып, көтерілген сұрақтардың назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты мамандармен бірге тиісті нысандарға барып, жағдайды жергілікті жерде қарау арқылы нақты шешімдер қабылданатыны жеткізілді.

Қабылдау қорытындысында барлық өтініштер бақылауға алынып, жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Азаматтардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы қарау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.