Rasmedia.kz
ЖаңалықтарСпорт

Алматы спортшылары семсерлесуден ел чемпионатында топ жарды

Алматыда 2026 жылдың 5–15 ақпаны аралығында жастар мен кадеттер арасында семсерлесуден Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылды. Қалалық Спорт басқармасының хабарлауынша, жарыс қорытындысы бойынша Алматы құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Оңтүстік астана атынан сынға түскен спортшылар барлығы 32 жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде 14 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль бар.

Сала өкілдерінің мәліметінше, бұл нәтиже команда мүшелерінің жоғары дайындық деңгейін және жаттықтырушылар штабының жүйелі жұмысының тиімділігін көрсетеді.

Жеңіс Алматының семсерлесу спортындағы жетекші рөлін тағы бір мәрте айқындап, қаланың республикалық аренадағы позициясын күшейте түсті.