Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ақайдар жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шара барысында жастарға мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кеңінен ақпарат беріліп, арнайы ақпараттық материалдар таратылды. Сонымен қатар қатысушыларға білім алу, кәсіби даму және жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктер жан-жақты таныстырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардарлық деңгейін арттыру, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға қолдау көрсету, жұмыссыздықтың алдын алу және жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға ынталандыру.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында оқушылар «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Серпін-2050», «Болашақ», «Дипломмен – ауылға» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың шарттары мен мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ аталған бағдарламаларды тиімді пайдалану жолдары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, «Әділетті Қазақстан» реформасының негізгі бағыттарының бірі – жастарды қолдау және дамыту. Осыған орай жас ұрпақтың сапалы білім алып, кәсіби тұрғыда дамуына, еңбек нарығында өз орнын табуына жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау маңызды міндеттердің бірі болып қала береді.
