Rasmedia.kz
БілімЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік бағдарламаСаяси реформалар

Жастарды қолдау – әлеуметтік саясаттың басым бағыты

«Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жастар саясатын дамыту, өскелең ұрпақтың білім алуына қолдау көрсету және олардың еңбек нарығында өз орнын табуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта Төлеби ауданында жастарға арналған ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Киелітас ауылдық округіндегі №10 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, жастарға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен олардың тиімділігін арттыру жолдары түсіндірілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру, кәсіби бағдар беру, жұмыссыздықтың алдын алу және жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларға белсенді қатысуға ынталандыру.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жастар «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Серпін-2050», Болашақ, «Дипломмен – ауылға» және өзге де мемлекеттік бағдарламалармен таныстырылды. Сондай-ақ аталған бағдарламаларды тиімді пайдалану жолдары мен олардың жастар үшін беретін мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.