Rasmedia.kz
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік бағдарламаСаяси реформалар

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

«Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірлік даму мен инфрақұрылымды жетілдіру, елді мекендердің жол желісін жаңғырту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жетісай ауданында ішкі және ауданаралық жолдарды жөндеу, көшелерді асфальттау мен тас төсеу жұмыстары қарқын алып, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық берілуде.

Осыған орай аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылап, қолданылатын материалдардың талапқа сай болуын және жұмыстардың стандартқа сәйкес орындалуын қатаң ескертті. Сондай-ақ Жетісай қаласындағы Шәкәрім көшесі мен Жаңа ауыл ауылдық округіндегі Көрікті және Шойын көшелеріндегі орта жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жол белгілерін орнату және қауіпсіздікті күшейту тапсырылды.

Жол инфрақұрылымын дамыту елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етуде.