Мехикодағы UFC Fight Night 269 турнирінен соң жеңіл салмақтағы файтерлердің жаңартылған тізімі жарияланды. Өкінішке қарай, қазақстандық Асу Алмабаев бір саты төмен сырғып, 9-орынға тұрақтады.
Рейтингтегі бұл құлдырауға спортшының жекпе-жекке шықпауы себеп болды. Естеріңізге сала кетейік, Алмабаев Мексикада экс-чемпион Брэндон Мореномен жұдырықтасуы керек еді, бірақ алған жарақаты жоспарды өзгертті. Айта кетерлігі, Асу соңғы рет 2025 жылдың қарашасында Қатарда Алекс Пересті мерзімінен бұрын жеңіп, жанкүйерлерін қуантқан болатын.
