Rasmedia.kz
ЖаңалықтарҚоғамСаясат

Алматы қаласы Әділет департаментінің тізгінін Ернар Сейдімбек ұстады

Алматы қаласының Әділет департаментіне жаңа басшы келді. Әділет министрлігі Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсейітованың бұйрығымен бұл жауапты қызметке Ернар Ақселеуұлы Сейдімбек бекітілді. Жаңа басшы өз міндетіне 2026 жылдың 2 наурызынан бастап ресми түрде кірісті.

Бұған дейін Ернар Сейдімбек Абай облысы Әділет департаменті басшысы қызметін атқарған.

  • 1970 жылғы 2 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қаз МНУ-ды «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған
  • Алматы қаласы Совет ауданы Прокуратурасының прокурорының көмекшісі-стажер (05.07.1995 – 25.07.1996);
  • -Алматы қаласы Алмалы ауданы Прокуратурасы прокурорының көмекшісі (25.07.1996 – 17.09.1996);
  • Алматы қаласы прокуратурасының Тергеу басқармасы тергеу және анықтауды бақылау бөлімінің прокуроры (17.09.1996 – 15.08.1997);
  • ҚР Әділет министрлігі Қарағанды облысы Әділет басқармасының Киров сот учаскесі Октябрьск сотының консультанты (09.09.1997 – 10.03.1999);
  • Әділет министрлігі Қарағанды облысы Әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы (10.03.1999 – 30.06.1999);
  • Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасының бас маманы (30.06.1999 – 07.12.1999);
  • Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасының бастығының міндетін атқарушы (07.12.1999 – 01.02.2000);
  • Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары (01.02.2000 – 26.07.2000);
  • Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары (26.07.2000 – 17.04.2002);
  • Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы (17.04.2002 — 10.01.2004);
  • Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (10.01.2004 – 31.05.2010);
  • Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (31.05.2010 — 24.09.2011);
  • Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті бастығының міндетін атқарушы (24.09.2011- 30.09.2011);
  • Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бастығы (30.09.2011- 04.02.2016);
  • Әділет министрлігі Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы (04.02.2016 — 03.11.2016);
  • Әділет министрлігі Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы (04.11.2016 — 18.11.2019);
  • Әділет министрлігі Ақмола облысы Әділет департаментінің басшысы (19.11.2019 — 30.09.2020);
  • Әділет министрлігі Абай облысы Әділет департаментінің басшысы (02.11.2022 – осы уақытқа дейін).

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары:

  • «ҚР Конституциясының 10- жылдығына орай», «ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 10 жыл», «Астана қаласының 10- жылдығына орай» медальдар;
  • ҚР Әділет Министірінің алғыс хаты;
  • ҚР Әділет Министірінің грамотасы, «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ерен Еңбегі үшін».