2026 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 2 млн 538 мың азаматқа зейнетақы төленді. Жалпы төлем көлемі 395,2 млн теңгені құрады. Оның ішінде базалық зейнетақыға бағытталған қаражат 131,3 млн теңге болды. Қазіргі таңда елде 2 млн 538 мың зейнеткер бар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 157 843 теңгеге жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 143 143 теңге болған. Осылайша, биыл зейнетақының орташа мөлшері 14 700 теңгеге көбейіп отыр.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, орташа зейнетақы құрылымында ынтымақты зейнетақының үлесі 103 931 теңге болса, базалық зейнетақы мөлшері 53 912 теңгені құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
