Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нақаспаев Үкіметте өткен брифинг барысында Қазақстандағы автомобиль бағасының өзгеруіне қатысты мәлімдеме жасады.
Министрдің айтуынша, өткен жылғы статистика баға динамикасындағы айырмашылықты көрсетеді. Мәселен, 2025 жылдың қаңтарында жалпы автомобиль бағасының индексі 105%-ды құраса, ел ішінде өндірілген көліктердің бағасы 101%-ға өскен.
Ведомство басшысы отандық автокөліктер құны алдағы уақытта төмендеуі ықтимал екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстандағы автомобиль зауыттары модельдік қатарды жыл сайын кеңейтіп келеді. Жаңа үлгілердің шығуы нарықтағы бәсекені арттырып, бағаға оң әсер етуі тиіс.
Сондай-ақ министр отандық автопромның дамуы импорттық көліктер сегментіндегі баға саясатына да ықпал етуі мүмкін екенін жеткізді.
