2029 жылы Қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы Алматы қаласына берілді. Бұл жөнінде Азия Олимпиадалық кеңесі ресми мәлімдеме жасады.
Ақпаратқа сәйкес, қабылдаушы қала мәртебесіне қатысты тиісті келісімге 5 ақпан күні Милан қаласында қол қою жоспарланып отыр.
Айта кету керек, бастапқыда 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы аумағында өткізу көзделген еді. Алайда қаңтар айында елдің Ұлттық олимпиадалық және паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен хабарламасында жарыстың мерзімі белгісіз уақытқа шегерілгені жарияланған болатын.
Сондай-ақ, соңғы Қысқы Азия ойындары 2025 жылы Харбин қаласында өткенін атап өткен жөн.
