Rasmedia.kz
Жаңалықтар

Алдын ала төлем талап етсе — сақ болыңыз: полиция ескертуі

Абай облысында полиция қызметкерлері интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбеюіне байланысты тұрғындарға сақтық шараларын күшейтуді ұсынды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде соңғы кездері алаяқтар жаңа тәсілдерді жиі қолдана бастаған. Олар сатып алушыларды нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен ұсыныстармен қызықтырып, тауар шектеулі деген сылтаумен алдын ала төлем жасауға итермелейді.

Алайда ақша аударылғаннан кейін күдікті тұлғалар байланысын үзіп, уәде етілген тауар мүлде жеткізілмейді. Осыған орай, құқық қорғау органдары азаматтарды барынша қырағы болуға шақырып отыр.

Мамандар интернет арқылы сауда жасағанда тек тексерілген платформалар мен қауіпсіз төлем жолдарын таңдауға кеңес береді. Сонымен қатар банк картасының деректері мен SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға бермеу керектігі ескертілді.