Rasmedia.kz
ЖаңалықтарҚоғамСаясат

Мемлекет басшысы То Ламды Вьетнам Компартиясы ОК Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы То Ламды аталған лауазымға қайта сайлануымен құттықтап, бұл шешім Вьетнам халқының сенімі мен ел басшылығының сабақтастығын айқындайтынын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамытуға бағытталған бастамалары мен реформалары алдағы уақытта да табысты жүзеге асатынына сенім білдірді. Сондай-ақ Вьетнамның өркендеуі мен халқының әл-ауқаты арта беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ынтымақтастық саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда тұрақты дамып келеді.