Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жұмыс жоспарына сәйкес ауданда салынып жатқан әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының орындалу барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында жобалардың іске асырылу қарқыны, құрылыс сапасы және инженерлік инфрақұрылымның дайындық деңгейі зерделеніп, жауапты мердігер ұйымдар мен сала басшыларының есептері тыңдалды.
Құрылыс алаңдарында мердігер мекемелердің өкілдері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, әрбір нысанның қазіргі жағдайы мен дайындық деңгейі жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстарының қолданыстағы техникалық талаптарға сәйкес жүргізілуіне, сапалы құрылыс материалдарының қолданылуына және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына ерекше назар аударылды.
Жаңа білім беру нысандарының құрылысы аудан тұрғындары үшін қолайлы әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі ретінде қарастырылды. Осыған байланысты мектептердің құрылысын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және білім алушылар үшін заман талабына сай жағдай жасау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар аудан басшысы кәсіпкерлік бағытындағы нысандардың құрылыс барысымен де танысты. Кездесу барысында өндірістік үдерістерді тиімді ұйымдастыру, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жобаларды уақытылы аяқтау мәселелеріне басымдық берілді. Аудан әкімі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, инвестиция тарту және бизнес жүргізуге қолайлы орта қалыптастыру өңір экономикасының тұрақты дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.
Нысандарды аралау барысында анықталған бірқатар кемшіліктер мен аяқталмаған жұмыстар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Аудан әкімі барлық олқылықтарды қысқа мерзімде жоюды, құрылыс қарқынын төмендетпеуді және әрбір жобаны белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ барлық жұмыстардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Аталған жұмыстар Мемлекет басшысы айқындаған «Әділетті Қазақстан» реформасының негізгі бағыттарының бірі – өңірлік даму мен инфрақұрылымды дамыту міндеттерімен сабақтас. Әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың құрылысын жүйелі түрде жүзеге асыру, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру және инвестициялық жобаларды сапалы іске асыру өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елді мекендердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
