Төлеби ауданында жастарды қолдау және олардың ғылыми-техникалық бағыттағы қабілеттерін дамыту мақсатында робототехника саласына арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен өткен іс-шараға АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен халықаралық FLL жарысының жеңімпаздары – «Tolebi Daryn» командасының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға робототехника, инновациялық жобалар және халықаралық білім бәйгелеріне қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, халықаралық деңгейде жетістікке жеткен жас өнертапқыштар өз тәжірибелерімен бөлісіп, технология саласындағы ізденістерінің нәтижелерін таныстырды.
Іс-шара аясында қатысушылар арасында интеллектуалдық және робототехника бағытындағы сайыстар өткізіліп, белсенділік танытқан жастар марапатталды.
Аталған кездесу жастардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық және инженерлік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ болашақ IT мамандары мен инженерлерін қолдауға бағытталды.
Айта кетейік, жастарды қолдау және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – «Әділетті Қазақстан» реформаларының негізгі бағыттарының бірі. Осы ретте өскелең ұрпақтың білім мен ғылымға, инновация мен технологияға қызығушылығын арттыруға бағытталған мұндай бастамалар жастардың әлеуетін ашуға және бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.
