Rasmedia.kz
БілімЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік бағдарламаСаяси реформалар

Төлебилік жастар мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерімен танысты

«Әділетті Қазақстанның» болашақ келбеті бүгінгі білімді, еркін ойлы және жасампаз жастардың қолында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік реформаларының басты қозғаушы күші де — осы жас буын. Олардың әлеуетін ашуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бүгінде ел дамуының жаңа парағын жазып жатыр. Осы стратегиялық мақсатты іске асыру аясында Төлеби ауданында жас буынның әлеуетін арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Мемлекеттік қолдау тетіктерін жастарға жеткізу — ел ертеңіне салынған ең үлкен инвестиция.

Мемлекеттік бағдарламалар — жастарға жарқын жол

Леңгір қаласында аудандық Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары жастармен кездесіп, мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мүмкіндіктерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Іс-шара барысында жастарға арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына сай ашықтық пен қолжетімділік негізінде мынадай бағдарламалар таныстырылды:

Білім мен тәжірибе: «Болашақ», «Серпін-2050», «Жастар практикасы».

Алғашқы қадам: «Алғашқы жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар», «Дипломмен ауылға».

Кәсіпкерлік пен гранттар: «2,5% пайыздық жеңілдетілген несие», «ZHAS PROJECT».

Бұл бағдарламалар — жастардың жұмыссыздығын азайтып, олардың жеке кәсібін ашуға және маман ретінде қалыптасуына арналған нақты мемлекеттік тетіктер.

«Серпін – 2050»: Техникалық мамандықтар — заман талабы

Реформаның тағы бір маңызды бағыты — кадрларды даярлаудағы өңірлік теңсіздікті жою. Осы орайда «Жастар ресурстық орталығы» Бірінші мамыр ауылдық округінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің басты тақырыбы — «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы болды. Талапкерлерге Rudny Industrial University (Рудный индустриялық университеті) туралы толық мәлімет беріліп, техникалық және инженерлік бағыттағы мамандықтардың артықшылықтары таныстырылды.

Бағдарлама аясында жастарға берілетін мүмкіндіктер:

Тегін білім: Мемлекеттік білім гранттары мен шәкіртақы.

Әлеуметтік қолдау: Заманауи жатақхана, зертханалық база және оқу ресурстары.

Болашақ кепілі: Тәжірибеден өту және оқу бітірген соң  жұмысқа орналасу.

Адал азамат — білікті маман

Кездесулер барысында мамандар жастарды кәсіпкерлікке баулу, бос уақытты тиімді пайдалану және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға шақырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, таңдаған мамандықтары бойынша  жауаптар алды.

Мемлекеттік бағдарламалар — бұл Әділетті Қазақстанның жас азаматтарына ұсынған мүмкіндіктер алаңы. Төлеби ауданында өткен мұндай түсіндіру жұмыстары ауыл жастарының бәсекеге қабілетті болуына және өз болашақтарын сенімді жоспарлауына жол ашады.