Алматы облысы әкімінің өкімімен өңірдің ішкі саясат саласына жауапты басқарма басшысы лауазымына Төлеген Кенжебеков келді.
Жаңа басшы туралы деректер
Төлеген Кенжебеков 1986 жылы дүниеге келген. Білімі мен біліктілігі бойынша үш бірдей мамандықты меңгерген тәжірибелі маман:
- І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы;
- Құқық және экономика академиясы: «Заңгер» мамандығы;
- Магистратура: «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» бағыты бойынша магистр дәрежесі.
Қызмет жолы мен тәжірибесі
Ол еңбек жолын Жетісу университетінде жастар саясаты бағытынан бастап, мемлекеттік қызметтің түрлі сатыларынан өткен: Алматы облысының ішкі саясат, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының бас маманы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде бөлім консультанты, бас маман, басқарма басшысы, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.
