Rasmedia.kz
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік бағдарламаСаяси реформаларТехнология

Түркістан облысы мақта-тоқыма кластерін дамытуда

Өңір экономикасын әртараптандыру, индустрияландыруды тереңдету және шағын және орта бизнесті қолдай отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу арқылы сапалы дайын тауарлар шығару — «Әділетті Қазақстан» реформасының негізгі бағыттарыныі бірі. Осы міндеттерді орындау аясында Түркістан облысында мақта-тоқыма кластері жаңа деңгейге көтеріліп, өңір мақтадан дайын матаға дейін толық өндірістік циклді қамтамасыз ететін ірі орталыққа айналды.
Президенттің аграрлық секторды индустрияландыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін дамыту қарқынды жүруде. Бұрынғыдай шикізатты сыртқа тасымалдаумен шектелмей, облыс аумағында мақтаны терең өңдеп, бәсекеге қабілетті дайын өнім шығаратын толық өндірістік цикл қалыптасты.

Өндірістік қуат: «Turan» АЭА және заманауи кешендер
Түркістан қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағы бұл бағыттағы негізгі локомотивке айналды. Мұнда іске қосылған заманауи тоқыма кешені жіп иіру және жоғары сапалы мата өндіру үдерісін жолға қойып, отандық жеңіл өнеркәсіптің әлеуетін арттыруда.

Сонымен қатар, мақта өсірудің дәстүрлі аймағы саналатын Отырар ауданында мақта өңдеу зауыттары заманауи технологиялармен жабдықталып, агросектор мүлде жаңа деңгейге көтерілді. Егіс алқаптарына су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы мақтаның сапасы мен өнімділігі арттырылып, шикізат базасы нығайтылды.

Экономикалық әртараптандыру және жаңа жұмыс орындары
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің бастамасымен қолға алынған бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға және бизнестің жаңа бағыттарын ашуға мүмкіндік берді. Жаңа зауыттардың іске қосылуы жергілікті тұрғындар үшін тұрақты әрі жоғары жалақысы бар жұмыс орындарын ашуға, ал өңір үшін салықтық түсімдерді молайтуға септігін тигізуде.

Стратегиялық мақсат: Толық циклді орталық
Бүгінде Түркістан облысы мақта егуден бастап, оны өңдеу, жіп иіру, мата тоқу және дайын киім-кешек шығаруға дейінгі процесті түгел қамтитын бірегей өндірістік орталыққа айналып отыр. Бұл — мемлекеттің импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті арттыру саясатының айқын нәтижесі.

Облыс басшылығы мақта өңдеу ісін дамыту өңіріміз үшін өте маңызды екенін жеткізді. Өңіріміз шикізатты сатушы ғана емес, өз жерімізде дайын өнім шығарып, оны шет елдерге сатуға көшуіміз қажет екенін айтты. Сол себепті, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жалғасады

«Әділетті Қазақстанның» даму моделіне сай, Түркістан облысы өзінің табиғи және адами әлеуетін тиімді пайдалану арқылы индустриялық өңір ретінде қалыптасуда. Мақта-тоқыма кластерінің қарқынды дамуы — облыстың өнеркәсіптік болашағының кепілі.