Жексенбі күні мегаполисте «Алматы жартылай марафоны» өтеді. Осыған орай, қала әкімдігі бірқатар магистральды көшелерде көлік қозғалысы ішінара шектелетінін ескертеді.
Биылғы жарыс ауқымы өте үлкен: әлемнің 44 елінен жиналған 10 мыңнан астам спортшы бақ сынайды. Жарыс маршрутының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 19 сәуірде жолдардың келесі учаскелері уақытша жабық болады:
Әл-Фараби даңғылы
-
Сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін: Розыбакиевтен Мұстафин көшесіне дейін (солтүстік беті).
-
Сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін: Розыбакиевтен Назарбаев даңғылына дейін (солтүстік беті).
-
Ескерту: Даңғылдың оңтүстік жағы автокөліктер үшін ашық қалады.
Сейфуллин даңғылы
-
Сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін: Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейінгі аралық толығымен жабылады.
Абай даңғылы
-
Сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін: Сейфуллиннен Байтұрсынов көшесіне дейін (оңтүстік беті).
-
Сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін: Саин көшесінен Байтұрсыновқа дейін (оңтүстік беті).
-
Ескерту: Даңғылдың солтүстік бетімен қатынауға болады.
Саин көшесі
-
Сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін: Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін (шығыс беті).
-
Ескерту: Батыс жағында қозғалыс шектелмейді.
Жарыс кестесі мен бағыты
Спорттық шара Тұңғыш Президент саябағының маңынан бастау алып, Орталық стадионда мәреге жетеді.
-
07:00 – 10 шақырымдық қашықтық пен скандинавиялық жүріс қатысушылары старт алады.
-
08:15 – 21 шақырымға (жартылай марафон) жүгіретін спортшылар жарыс жолына шығады.
Қала билігі жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Көрсетілген уақыттан кейін шектеулер алынып, жолдар кезең-кезеңімен ашылатын болады.
