Rasmedia.kz
ЖаңалықтарҚоғам

Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейсті тоқтатты

Иранның әуе кеңістігінің жабылуы және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты «Air Astana» компаниялар тобы 28 ақпандағы Таяу Шығыс бағытындағы барлық рейстердің тоқтатылғанын жариялады.

Ұшақтар кері қайтарылып, қосалқы аэродромдарға қонуда

Аймақтағы қауіпсіздік мәселесіне байланысты әуеде жүрген ұшақтар шұғыл түрде бағытын өзгертті:

  • Алматыдан Медина (KC263), Дубай (KC897), Доха (KC653) бағыттарына шыққан рейстер мен Астанадан Дубайға (KC205, КС207) бағытталған борттар ұшып шыққан әуежайларына қайта оралады.

  • KC899 Алматы – Дубай рейсі Үндістанның Дели қаласына қондырылды.

  • FlyArystan FS7617 Ақтау – Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа бағытталды.

Жолаушыларға арналған маңызды ақпарат

Әуе компаниясы жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырғанын және жолаушылардың тасымалдау мәселелерін реттеп жатқанын хабарлады.

Билеттерді қайтару және брондау:

  • Жидда, Медина және Дубай бағыттарына сатып алынған билеттерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға немесе толықтай қайтаруға болады.

  • Билетті қайтару оны сатып алған орында жүзеге асырылады.

«Жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақытында өзгерістер болуы мүмкін», — делінген компания таратқан ресми хабарламада.