Rasmedia.kz
ЖаңалықтарСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік орденімен марапатталды

Исламабад қаласында өткен салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan орденін иеленді.

Мемлекет басшысына жоғары марапатты Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф табыстады.

Nishan-e-Pakistan ордені Пәкістанның дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің саяси және қоғамдық қайраткерлеріне беріледі.

Салтанатты іс-шараға Пәкістан Үкіметінің мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштердің жоғары басшылық өкілдері мен дипломатиялық корпус қатысты.