Rasmedia.kz
Жаңалықтар

Түрксіб ауданының әкімі қызметіне жаңа тұлға келді

Алматы мәслихатының сессиясында кадрлық мәселе қаралды. Президент Әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімі Түрксіб ауданының әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын ұсынды. Бұған дейін ол Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған. Кандидатты таныстырған Дархан Сатыбалды оның кәсіби тәжірибесіне, қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетіндігіне тоқталды. «Дамир Әкежановтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, қаланың өзекті түйткілдерін жақсы біледі, мен жүктеген міндеттерді орындауға қажетті кәсіби даярлығы тағы бар», – деді қала басшысы. Талқылаудан кейін мәслихат депутаттары кандидатураны қолдады. Дамир Әкежанов 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы, ал 2008 жылы «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы сыртқы экономикалық байланыстар саласында бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдарында, соның ішінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестиция мәселесіне жетекшілік ететін департаменттер мен басқармаларда, сондай-ақ аудан әкімдерінің аппараттарында жұмыс істеген. Басшылық қызметтер атқарып, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жылдан асады.

Дереккөз: rsk.almaty.kz