2026 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы құттықтауында бұқаралық ақпарат құралдарының Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Президент журналистерді конституциялық реформаларды және мемлекеттік жүйені жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді жариялау барысында кәсіби әрі конструктивті ұстанымда болуға шақырды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымын жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарастыру қажеттігін атап өтіп, заңды құрметтеу арқылы егемендік пен тәуелсіздікті қорғау ұлт пен дінге қарамастан әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы қазақстандық журналистердің осы маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.
