Rasmedia.kz
ЖаңалықтарЭкономика

KASE қорытындысы: доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 505,71 теңгені құрады. Алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда ұлттық валюта 0,94 теңгеге нығайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 22 қаңтарға белгілеген ресми доллар бағамы 506,7 теңге деңгейінде бекітілген.

 Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 505,66 теңге болса, сату бағамы 507,92 теңгеге жеткен. Астанада доллар 504,01 теңгеден қабылданып, 511,01 теңгеден сатылуда. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 505,84 теңгені құрап, сату бағамы 507,95 теңге деңгейінде қалыптасты деп Kurs.kz порталының деректеріне  көрсетілді.

Айта кетейік, соңғы күндері валюта нарығында доллар бағамы құбылмалы сипатта өзгеріп келеді. Атап айтқанда, 12 қаңтарда доллар 0,24 теңгеге арзандаса, 13 қаңтарда тағы 0,07 теңгеге төмендеген. 14 және 15 қаңтар күндері тиісінше 0,72 және 0,55 теңгеге қымбаттаған. 16 қаңтарда өсім 1,05 теңгені құрады. Ал 19 және 20 қаңтарда доллар бағамы айтарлықтай төмендеп, сәйкесінше 2,44 және 2,42 теңгеге арзандады. 21 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша да доллар тағы 0,46 теңгеге төмендеген.